Компания туралы

«ҚМГ Қашаған Б.В.» жауапкершілігі шектеулі жеке компаниясы (ҚМГҚ) 2005 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» (ҚМГ) Акционерлік қоғаммен құрылған. ҚМГҚ-ң негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы және халықаралық консорциум арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімдегі (ӨБК) қазақстандық қатысу үлесін басқару болып табылады. ҚМГҚ-ң ӨБК қатысу үлесі 16,88% құрайды.

ҚМГҚ рөлі мен қызметі

  • ӨБК-да ҚМГ мүддесіне өкілдік ету және Солтүстік-Каспий жобасы шеңберінде Каспий теңізінде көмірсутек ресурстарын барлау және өндіру бойынша мұнай операцияларды жүргізуге қатысу.
  • ҚМГҚ мұнай кен орындарды игеру бойынша ірі жобаларды өз бетінше іске асыру мақсатында дүниежүзілік класс компаниясы ретінде болу.
  • Мердігерлік компания ретінде жобаны басқаруға қатысу.
  • СКЖ бойынша мұнай операциялар мен өзге шығындарды қаржыландыру, есеп жүргізу.
  • Қазақстандық қамту мен кадрларды ұлттандыруды арттыруға қатысу.
  • Мұнай және ілеспе өнімдерді сұрыптау, тасымалдау мен маркетингті қамтамасыз ету.