Пресс-релиздер

КМГ Кашаган Б.В. пресс-релиздер

9 Тамыз 2018

Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісіміндегі 8,48% үлесін сатып алу мақсатында 2008 жылдың 31 қазанында жасалған Сатып алу-сату шарты бойынша үшінші және соңғы траншты өтеу мақсатында қаржыландыруды тарту үшін ұйымдастырылған Алғытөлем бойынша Мәміле сомасының екінші ұлғаюының сәтті аяқталғаны туралы ҚМГ Қашаған Б.В. (ҚМГҚ) хабарлайды. 

2016 жылдың 29 қарашасында Сатушы ретінде ҚМГҚ мен Сатып алушы ретінде Heston B.V. (оффтэйкер - Vitol S.A.) арасында жасалған Мәмілеге 2018 жылдың 27 шілдесінде қосымша келісімдерге қол қойылды.
Алғытөлем сомасының ұлғаюы 600 млн. АҚШ долларына тең болды және 2018 жылдың 7 тамызында алынды. Осылайша, бүгінгі күні Мәміленің жалпы сомасы 2,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. 

Қосымша алғытөлемнен алынған қаражаттар 2008 жылдың САСШ бойынша соңғы траншты өтеуге бағытталды, сонымен, 2008 жылдың САСШ бойынша ҚМГҚ міндеттемелері толық көлемде мезгілінен бұрын өтелді.

Мәміле сомасын ұлғайту аясында Vitol S.A. қоса алғанда несие берушілердің жалпы саны 15 мүшеге дейін өсті.

24 сәуір 2018

2016 жылдың 29 қарашасында мұнай жеткізудің алғытөлемдерін ұйымдастыру бойынша келісілген ҚМГ Қашаған Б.В. мен Vitol S.A. халықаралық трейдері арасындағы 1 млрд. АҚШ долларына, кейініректе 1,6 млрд. АҚШ долларына ұлғайтылған Мәмілесі (әрі қарай – Мәміле) TXF (Trade & Export Finance) жетекші ақпарат агенттігінің нұсқасы бойынша  “Commodity Energy Finance Deal of the Year” номинациясында Perfect 10 Deals of the Year сайысында жеңіске жетті.

Солтүстік Каспий бойынша Өнім Бөлісу туралы Келісіміндегі 8,48% қатысу үлесін сатып алу үшін ҚМГ Қашаған Б.В. және Мердігер Компаниялар арасында 2008 жылдың 31 қазанында келісілген Сатып алу-сату шарты аясында қарыздарды қаржыландыру мақсатында Мәмілеге қол қойылды.

Мәміле деректері:

Қарыз алушы: Heston B.V.

Алғытөлемді алушы: KMG Kashagan B.V.

Оффтэйкер: Vitol S.A.

Сомасы: 1,6 млрд. АҚШ доллары

Қол қойылу мезгілі: 2017 жылдың 4 тамызы

Мерзімі: 5 жыл

Жетекші уәкілетті ұйымдастыруышлар мен букраннерлары: ABN AMRO Bank N.V., The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Ltd., Mizuho Bank Ltd., Cooperatieve Rabobank U.A., Sumitomo Mitsui Banking Corporation

Жетекші ұйымдастыруышлар мен букраннерлары: Credit Agricole Corporate & Investment Bank, Intesa Sanpaolo S.p.A.

Үйлестіруші және Қарыз беруші: Vitol S.A.

Жетекші ұйымдастыруышлар: Bank of China Limited, Industrial and Commercial Bank of China Limited, Societe Generale, UniCredit S.p.A., Credit Suisse AG, Natixis

Заңгерлік кеңесші (Қарыз алушы жағынан): FieldFisher

Заңгерлік кеңесші (Қарыз беруші жағынан): Herbert Smith Freehills

Дереккөз https://www.txfnews.com/News/Article/6394/Perfect-10-Winners-2017-The-big-the-bold-and-the-brainy


15 Тамыз 2017


Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімде 8,48% қатысу үлесін сатып алу мақсатында жасалған 2008 жылғы 31 қазандағы Сатып алу-сату шарты (ССШ 2008) бойынша міндеттеменің екінші траншін өтеу үшін ақшалай қаражат тарту мақсатында 2017жылдың 04 тамыз айында ҚМГ Қашаған Б.В. (ҚМГҚ) және Vitol S.A. компаниясы арасында 2016 жылдың 29 қараша айында жасалған Аванстау туралы келісімнің (Мәміле) сомасын көбейту туралы қосымша келісімге қол қойылды.    

2017 жылдың 10 тамыз айында ҚМГҚ 600 млн.АҚШ долл. көлемінде аванстаудың қосымша сомасын алып, жалпы сомасы 804,4 млн.АҚШ долл. ССШ 2008 бойынша міндеттеменің екінші траншін (негізгі борышы мен есептелген сыйақы) мерзімнен бұрын өтеді.

Мәміле сомасының көбеюі нәтижесінде синдикаттағы кредиторлардың жалпы саны 13 қатысушыға дейін ұлғайды, оның ішінде мына жаңа уәкілетті жетекші ұйымдастырушылар:

1.         Қытай Банкі Лтд, Лондондағы филиалы

2.         Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі, Лондондағы филиалы

3.         Қытай сауда-өнеркәсіп Банкі  

4.         Сосьете Женераль

5.         Юникредит С.П.А.

6.         Креди Сюис АГ 

7.         НАТИКСИС

24 February 2017

ҚМГ Қашаған Б.В. 
1 млрд.АҚШ долл.сомасына экспортқа шығарар алдындағы аванс беру

 Пресс-релиз 

2016 жылдың 29 қарашада ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясы Сатып алушы ретінде "Витол" компаниясымен 5 жылдық мерзімге 1 млрд.АҚШ долл. сомасына мұнай жеткізуге аванс беру мәмілесі шегіндегі келісімге қол қойды (Мәміле). 

Мәмілеге 8 қаржы институты, Витол Үйлестіруші, АБН АМРО Банк Н.В. Кепіл агенті мен Агент банкі және Банк оф Токио-Мицубиси ЮФ Джей, Лтд. Құжаттама банкі ретінде қатысты. 

Төменде қаржы институттарының рөлі ұсынылған: 

Ұйымдастырушылар 
АБН АМРО Банк Н.В.
Банк оф Токио-Мицубиси ЮФ Джей, Лтд.
Банк Мидзухо, Лтд.
Кооператив Рабобанк Ю.А.
Брюссельде орналасқан филиалы Сумитомо Мицуи Бэнкинг Корпорейшн
Креди Агриколь Корпоративтік және Инвестициялық Банкі
Парижде орналасқан филиалы Интеза Санпаоло С.п.А.  

Уәкілетті жетекші ұйымдастырушылар 

АБН АМРО Банк Н.В.
Банк оф Токио-Мицубиси ЮФ Джей, Лтд.
Банк Мидзухо, Лтд.
Кооператив Рабобанк Ю.А.
Брюссельде орналасқан филиалы Сумитомо Мицуи Бэнкинг Корпорейшн
Витол С.А.

Жетекші ұйымдастырушылар 

Креди Агриколь Корпоративтік және Инвестициялық Банкі Intesa Sanpaolo
Парижде орналасқан филиалы Интеза Санпаоло С.п.А.

ҚМГ Қашаған Б.В. 

2005 жылдың қазан айында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» Акционерлік қоғамы Нидерландыда «ҚМГ Қашаған Б.В.» Жауапкершілігі шектеулі жеке компаниясын (ҚМГҚ) құрды. ҚМГҚ негізгі қызметі Қазақстан Республикасы мен халықаралық мұнай компанияларды қамтитын консорциум арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімде (ӨБК) 16,88% қазақстандық қатысу үлесін басқару болып табылады. 

ҚазМұнайГаз – Бас Компаниясы туралы ақпарат (ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларының 50% иесі) 

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы көмірсутегін барлау, өндіру, мұнай өңдеу және тасымалдаумен айналысатын және Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттік мүддесін білдіретін тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы. ҚазМұнайГаз Тобы мұнай мен газ конденсатын өндіру бойынша Қазақстандық нарықта төрттен бірінен астамын, сондай-ақ елдің мұнай өңдеуінде, мұнай мен табиғи газды құбыр арқылы тасымалдауда үстем жағдайға ие. Қазақстан әлемде мұнай мен газ конденсатының дәлелденген қоры бойынша 12 орында, табиғи газ қоры бойынша 22 орында және мұнай мен газды өндіруде 17 орында. 

Самұрық-Қазына – Бас Компаниясы туралы ақпарат (ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларының 50% иесі)  

Самұрық-Қазына - Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқат қоры және «САМҰРЫҚ» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі және «ҚАЗЫНА» орнықты даму қоры акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес құрылған. 

«Самұрық-Қазына» Қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және тұрақтылығын күшейту үшін құрылған. «Самұрық-Қазына» қорының негізгі мақсаты ұлттық институттардың, ұлттық компаниялар мен иелік ететін өзге заңды тұлғалардың үлесін (үлестік қатысу) басқару әлемдік нарықта олардың ұзақ мерзімді құндылығын және бәсекеге қабілеттілігін барынша күшейту үшін болып табылады. 

Vitol S.A. туралы ақпарат 

Витол – энергетикалық және өзге тауарларды кеңейтумен айналысатын компания; оның негізгі қызметі – бүкіл әлем бойынша энергетикалық тауарларды өткізу және кеңейту – тәулігіне шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің сауда көлемі 6 миллион барр.жоғары; кез келген уақытта осы компанияның жүгін тасымалдаумен 200 кеме айналасуда. 

Витол компаниясының клиенттері қатарына ұлттық мұнай компаниялары, ұлтаралық корпорациялар, жетекші өнеркәсіптік және химиялық компаниялар және әлем бойынша ірі әуе жолдары кіреді. 1966 жылы Роттердамда құрылған «Витол» компаниясы қазіргі уақытта дүние жүзi бойынша орналасқан 40 офисте клиенттерге қызмет көрсетуде және ғаламдық тұрғыдан энергетикалық активтерге инвестиция салумен айналысады, оның ішінде: алты құрлықта өнімді сақтау үшін 17.9 млн.текше метрден астам алаңы бар, тәулігіне 390 мың барр. көлемінде мұнай өңдеуге арналған қуаты және 16 африкалық елдерде, сондай-ақ Австалияда Шелл брендінің өнімдерін қайта өңдеу, тасымалдау және маркетинг жөніндегі кәсіпорындары бар. 2015ж. компанияның табысы 168 миллиард АҚШ долл.құрайды. Толығырақ ақпаратты www.vitol.com ресми сайтынан ала аласыз.