ҚМГ Қашаған – «ҚазМұнайГаз» Спартакиадасы 2025: Бірлік пен жеңіс рухы
ҚМГ Қашаған командасы дәстүрлі «ҚазМұнайГаз» Спартакиадасы 2025 сайысына қатысып, шынайы спорттық рухты, күш пен ынтымақты паш етті.
Биыл біздің қызметкерлер волейбол, үстел теннисі, асық ату, садақ ату, жүзу және киберспорт сияқты бірнеше спорт түрлерінде бақ сынасты. Әрбір жарыс алаңы эмоцияға, жігерге және командалық рухқа толы болды. Бұл жетістіктер ҚМГ Қашаған қызметкерлерінің адалдығын, ынтымағын және табандылығын көрсетеді. Осындай қасиеттер біздің компанияның да табысының іргетасы болып табылады.
Әйелдер волейболы – 2 орын! Қыздарымыздың табандылығы мен бірлігі, бір-біріне деген сенімі оларға лайықты күміс жүлдені әкелді.
Асық ату – 3 орын! Дәстүрлі қазақ ойынында Жігер Қуанышқали, Әділ Атабаев және Сәуия Жәкиева жоғары дәлдік пен сабырлылық танытып, командамыз қоржынына тағы бір жетістік қосты.
Жүзу – 1 орын! Мұрат Исақовтың сенімді техникасы мен төзімділігі көрермендерді тәнті етіп, жеңіске жеткізді.
Садақ ату – 2 орын! Сұңғат Төлеубаев тамаша дәлдігімен және сабырлылығымен көзге түсіп, күміс медаль иегері атанды.
Киберспорт – біздің команда виртуалды аренада да нағыз жеңіс рухын көрсетті.
"Самұрық-Қазына" АҚ жедел желісі
Өтініштерді барлық адамдар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде келесі байланыс арналары арқылы бере алады: