Мұханов Қуанышбек Төреғалиұлы

Бас директордың игеру және өндіру жөніндегі орынбасары


1991 жылы Ивано Франковскийдің мұнай және газ институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы бойынша тәмамдап, «Тау инженер геофизигі» дәрежесін алып шықты.
    Мұнай-газ саласындағы өтілі 30 жыл.
    Еңбек қызметі 1991 жылы газ айдау станциясының автоматтандыру және басқару жүйелері мамандығынан басталды.  
1992 жылдан Теңіз кен орнында қатардағы техниктан екінші буын және шикі газды айдау заводының пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік бөлімінің жетекшісіне дейін өндірістің барлық сатыларынан өтіп, «Теңізшевройл» ЖШС жұмыс істеді.
2005 жылдан 2008 жылға дейін еңбек қызметін Аджип ККО компаниясында жалғастырып, пайдалану және техникалық қызмет көрсету бөліміне қарасты жобаларда жергілікті қамту бойынша үйлестіруші және құбыр жолдар мен терминалдар бойынша үйлестіруші лауазымдарын иеленді.
2008 жылдан «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК филиалынан Shell Development Kashagan B.V.,  компаниясының құрамына іссапарға жіберілді, ол жерде «Мінсіз іске қосу» бағдарламасының үйлестірушісі және нысандардың дайындығы мен пайдалану бөлімінің қамтамасыздандыру құралдары мен басқаруды қолдау жетекшісі лауазымдарында қызмет атқарды.
2011 жылдан North Caspian Operating Company B.V., компаниясының құрамына Қашаған кен орнын алдын ала жобалау бойынша жобалық шешімдерді біріктіру бойынша кеңесші және Қаламқас теңіз жобасын Игеру жөніндегі агентке тапсыру бойынша менеджер лауазымына іссапарға жіберілді.
2015 жылы North Caspian Operating Company N.V., техникалық директоратының жобалау және зерттеулер бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2016 жылдан 2018 жылға дейін стратегиялық жоспарлау және тиімділікті қамтамасыздандыру жөніндегі менеджер/стратегиялық жоспарлау және бизнес басқару директорының орынбасары, кейін өндірістік операциялардың тиімділігін қамтамасыздандыру бойынша бас менеджер/өндірістік операциялар бойынша директор орынбасары ретінде қызмет атқарды.
2019 жылы North Caspian Operating Company N.V., денсаулықты, еңбекті, қоршаған орта мен қауіпсіздікті қорғау бойынша директор лауазымына тағайындалды.
2020 жылдың желтоқсанында «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК (Қазақстан Республикасындағы филиалы) бас директордың игеру және өндіру жөніндегі орынбасарына тағайындалды.


Тізімге қайту